Нұрсұлтан Назарбаев жұмыссыздық пен тұрақтылық туралы айтты
Елбасының айтуынша, елдегі тұрақсыздыққа білікті мамандардың жетіспеушілігінде
Zakon.kz сайты хабарлағандай, Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының кеңейтілген саяси отырысында сөз сөйледі.
Следующая →
- Қазақстанда жұмыссыздық жоқ, сонымен қатар тұрақтылық та жоқ, тұрақты іс жоқ. Мұндағы мәселе жұмыста емес, мамандануда. Мәселе жұмыссыздықта емес, дайын кадрлардың жоқтығында. Бүгінгі күні 148 мың түлек мектеп бітірді. Олардың бірі университетке, бірі колледжге барса, бірі өз ісін байтайды, ал енді бірі үйінде қалады. Өйткені мамандық жоқ. Бұрын жоғары сыныптарда еңбекке баулу тәрбиесі болатын, ауыл шаруашылық техникалары бойынша мамандық оқытылатын. Бүгінгі күні күн сайын дамып отыру керек. Өз өмірінде әрбір адам 4-5 мамандықты игеріп алуы керек, - деді Президент.Ол елде мамандарды дайындау бойынша Жол картасы дайын екендігін тілге тиек етті. Ауыл тұрғындары үшін шағын несиелер беріледі.
Тақырыптар:
Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев Безработица в Казахстане Стабильность в Казахстане