Қазақстанның бас мүфтиі қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады
Бас мүфти Серікбай қажы Ораз республикадағы орыс православ шіркеуінің басшысына, Қазақстан және Астана митрополиті Александрға құттықтау хатын жолдады
- Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының атынан және өз атымнан сізді, сонымен қатар православиелік қазақстандықтарды христиандық – Пасха мерекесімен құттықтаймын, - делінген жұма күні БАҚ-та жарияланған құттықатуда. - Тамыры тереңге жайылатын бұл мереке махаббат пен жақсылықтың жаршысы. Қоғамдағы береке мен бірлікке бағытталған христиандық принциптері православиелік отандастарымыздың жүрегі мен санасына нұр құятынына сенімдімін.Бас мүфти барлық православиелік қазақстандықтарға бейбітшілік пен жақсылық тіледі.
Айта кетейік, биыл Пасха мерекесі 8 сәуір күні атап өтіледі.