Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшылары бас қосты
Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары соңғы 9 жылда бірінші рет кездесіп отыр
Мемлекет басшылары аймақтағы ынтымақтастықты нығайту үшін жиналып отыр. Ал отырысты ҚР Президенті Н.Назарбаев ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жиналыстың мақсаты - туыстас мемлекеттердің мәдени байланыстарын бекітіп, экономикалық серіктестігін нығайту.
- Мұндай кездесудің біздің халыққа тигізер игілігі мол: сауда-саттықты арттырып, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, халықтарды жақындастырады, - дейді президент.
Қазақстан басшысы атап өткендей, соңғы уақыттары Орталық Азиядағы серіктестік нығая түскен.