АҚШ елшісі Қазақстанмен арадағы визасыз режімді енгізу туралы айтты
Бұл сұрақ Джордж Кролдың Астанадағы журналистермен кездесуі барысындағы басты мәселе болды
АҚШ елшісі Джордж Кролдың ойынша, Қазақстанмен арадағы визасыз режімді енгізу біртіндеп жүзеге асырылады.
Елшінің айтуынша, АҚШ-тың визасыз саясатының көптеген агенттіктерге, оның ішінде АҚШ үкіметі, Мемлекеттік департаментке де қатысы бар.
Следующая →
- Мен Қазақстан мен АҚШ арасында визасыз режім қашан енгізілетіндігін білмеймін. Бірақ бұл мүмкін екендігін жоққа шығара алмаймын. Қазір біртіндеп қолға алудамыз, - деді ол.
Елшінің айтуынша, АҚШ-тың визасыз саясатының көптеген агенттіктерге, оның ішінде АҚШ үкіметі, Мемлекеттік департаментке де қатысы бар.
- Біз қазақстандықтар АҚШ-қа оңай кіруін қамтамасыз еткіміз келеді. Қазір визалар 10 жылға беріледі. Бұрын 5 жыл еді. Тағы да жеңілдіктер қарастырылатын болады, - деді дипломат.