Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

15 желтоқсанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы өзекті жаңалықтарға шолу жасады

Мексика полициясы жүк көлігіне қамалған 29 мигрантты құтқарып қалды Елдің орталық өңірінде орналасқан жанармай құю бекеттерінің бірінде жүк көлігінің қосымша арбасында адамдар қамалып қалған, деп хабарлайды ТАСС. - Біз балтаның көмегімен шықпақ болдық. Бірақ әрекетімізден түк шықпады, - дейді Гондурас азаматы Элвин Омар Пине. - Егер олар (полиция) болмаса, бізді ажал құшар еді. Полиция жүк көлігін ашқан кезде бірнеше адам ауа жетіспеушілігінен есінен танып қалған болатын. Адамдарға тиісті көмек көрсетіліп, кейін миграциялық қызмет мамандарының құзырына берілді. Болжам бойынша, олар өз елдеріне қайтарылады. Құқыққорғау ұйымының айтуынша, жыл сайын орталықамерикалық республикалардан 400 мың тұрғын Мексика арқылы АҚШ өңіріне жетпек болады. Бұл жолда олар көптеген қауіпті жағдайларға ұшырап, қылмыстық ұйымдар мен адам саудагерлеріне тап болып жатады. Еуроодақта бірыңғай қорғаныс жүйесі құрылады Еуроодақ елдерінің жетекшілері жалпыеуропалық қауіпсіздік жүйесін құруды қолдады. Бұл жүйе қауіпке деген әрекеттерді жақсарта түсу керек, деп хабарлайды РОСБАЛТ. «Тұрақты құрылымдағы серіктестік» жоспары бүгінгі ЕО саммитінде талқыланды. Ол ЕО елдерінің қауіпсіздік саласындағы әрекеттестік қалыптастыруы керек. Еурокеңес президенті Дональд Туск айтып өткендей, бұл құрылымның пайда болуы - «Бұл жаңалық Брюссель мен оның одақтастарына жағымды, ал ЕО жауларына жағымсыз жаңалық» болмақ. Мигранттар ағымы мен еуропа елдеріндегі терактілерге байланысты көптеген ЕО елдері қауіпсіздік деңгейін шекараларды жабуға дейін күшейтуге шақырған. Иракта лаңкестерді жаппай өлім жазасына кесуде Ирак әділет министрлігі елдің оңтүстігінде «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік ұйымының бұрынғы 38 жауынгері өлім жазасына кесілгенін жариялады. Бұл туралы lenta.ru хабарлайды. Қазіргі уақытта Ирак түрмелерінде ИМ-мен байланысы бар деген айыппен ондаған мың адам отыр. Ел заңы бойынша, экстремистік ұйымға қатысы болды деген күдіктілер өлім жазасына кесіледі, не болмаса өмір бойы бас бостандығынан айрылады. Human Rights Watch құқыққорғаушылары ағымдағы айдың басында өлім жазасының процессуалды нормаларды бұзу арқылы жүріп жатқанын хабарлаған. Көп жағдайда айыпталушылар сот шешімін қайта қарата алмауда. Билік өкілдері аппеляцияға беру мүмкіндігі толық қаралғанын мәлімдеген. Жаппай өлім жазасына кесу осыған дейін 25 қыркүйек күні ұйымдастырылған. Ол кезде 42 сотталушының үкімі орындалған. Камчат жанартауы 2,5 шақырым биіктікке күл шашты ТЖМ хабарлағандай, Крым жанартауының күл шлейфі жел бағыты бойынша, 50 шақырымға дейін ұшқан, дейді life.ru. Күл жолында жергілікті мекендер жоқ, ал туристік топтар тіркелмеген. Қазіргі уақытта жанартауға авиациялық қауіптің тоқсары белгісі бекітілген. 5 айлық бала тамаша шашымен жұлдызға айналды Шашы ерекше бала не бары бес айға толды. Алайда оның шашын көрген адам бейжай қарап қалмайды. Кейбіреулер Боббиді қыз деп қалады. Баланың ата-анасы Рейчел мен Гарет УДЗ-ға барғанда баланың жынысы анықталмағанымен, басындағы шашының қалыңдығы тек болжам ғана тудырған. Дәрігерлер дүниеге қыз бала келеді деген соң, Рейчел мен күйеуі арнайы дайындала бастаған. Кейін шашы таң қалдырарлық ұл бала өмірге келген. Тіпті дәрігерлер мен медбикелер шетте қала алмаған.
Следующая →