Назарбаев: 400-ден аса жас қазақстандық Сирияда жүр
ҚР Президенті Н.Назарбаев Сирия аумағындағы Ислам Мемлекеті* ұйымында радикалды ағым қолшоқпары болып жүрген 400-ден аса жас қазақстандықтың бар екендігін айтты
Жақын арада олар өз Отанына қайтады.
- Шамамен, 400-ден аса жас азамат «Ислам Мемлекеті» ұйымының арбауына түскен. Алайда лаңкестің ұйымның тарай бастауына байланысты олар өз Отанына қайтарылатын болады, - деді жабық Аstana club отырысында.
Мұны мемлекет басшысы дүйсенбі күні айтқан, ал оның сөзі жазылған бейнетаспа бүгін ғаламтор желісіне орналастырылды.
ИМ* - Қазақстанда тыйым салынған ұйым