Астанада Сирия мәселелері жөніндегі халықаралық кездесу басталды
Астанада 30-31 қазанда Сирия мәселелері жөнінде халықаралық кездесу өтпек.
Кездесуге Сирия үкіметінің және сириялық оппозицияның, сондай-ақ байқаушы ретінде БҰҰ, АҚШ және Иорданияның өкілдері қатысады, деп хабарлайды Сыртқы Істер министрлігі сайты.
Бұған Ресей делегациясына РФ Президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясына сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал, Иран делегациясына сыртқы істер министрінің орынбасары Хусейн Джабери Ансари басшылық етеді.
Кездесу Сирияда ұрыс іс-қимылдарын доғару режимін нығайту бойынша қол жеткізілген нәтижелерді сақтауға, сондай-ақ дағдарысты саяси реттеуге өту кезеңінде аталған елдегі жағдайды әрі қарай тұрақтандыру шеңберінде күш-жігерлерді арттыруға бағытталған.