Нұрлан Нығматулин: Бюджетті игеруге қатаң бақылау жасау керек
ҚР Парламент Мәжілісі бюджеттік заңнаманы жетілдіру сұрақтару бойынша заңнамалық түзетулерді бірден қолдады
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин заң жобасының маңыздылығын айта келе, бюджеттік үрдістерді жеңілдете түседі, деп хабарлайды ҚР Парламенті сайтында. Мұнымен қоса Н. Нығматулин бюджеттік қаражатты игерудегі қатаңдыққа назар аудару керектігін айтып өтті.
- Игеру үшін ақыл ессіз игерудің түк қажеттілігі жоқ. Бізге нақты нәтиже керек – мектеп, аурухана, жол құрылыстары. Бюджеттік қаражатты экономика дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашуға, барлық мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына жұмсау туралы Елбасы көрсеткен тапсырманы тек осылай орындай аламыз, - дейді Н. Нығматулин.