АҚШ: Ядролық қарумен КХДР аман қалмайды
Ядролық қару елді тек оқшаулай түседі, деп хабарлайды АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерстон
Солтүстік Кореяның ядролық қаруға деген ынтасы үкіметінің қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді. Ал Қытайдың көмегі Пхеньянның атомдық және зымыран бағдарламаларын бақылауға алу үшін үлкен маңызға ие.
- Солтүстік Корея ядролық қару арқылы өз режимін сақтап қалуды көздеп отыр. Шынына келгенде бұл қару оны тек оқшаулай түседі, - дейді ол.
Тиллерстон Қытай жағынан да әрекеттің қажет екенін айтып өтті. Себебі Пекиннің КХДР еліне деген өз ықпалы бар.
- Егер Қытай Корей түбегіндегі жағдайдың тынышталғанын қаласа, кеш болмай тұрғында бізбен бірге жұмыс істесін, - дейді ол.
Следующая →