Астанаға Сирия келіссөздеріне қатысушы тарап өкілдері келді
Қазақстанға Сирия мәселелерін талқылауға Ресей, Түркия, Иран елдерінің өкілдері келді.
- Келіссөздер 14-15 қыркүйек күндері өтеді, - дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Сирия мәселелерін талқылауға арналған бұл алтыншы халықаралық жиын болып отыр. Күн тәртібінде Сирия еліндегі деэскалация жағдайын басқару жөніндегі құжаттар қаралмақ. ЮНЕСКО тізіміне енген Сирия еліндегі тарихи ескерткіштерді аман алып қалу мәселесі де талқыланбақ.