Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстандық «Армия-2017» форумында заманауи қару-жарақ үлгілерін көрсетті

2017 жылдың 22 тамызында Мәскеу облысы Кубинка қ. «Армия-2017» III Халықаралық әскери-техникалық форумына Қазақстан Республикасынан 10 астам қорғаныс-өнеркәсібі кешені кәсіпорындары қатысты

Қазақстандық делегация ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов пен ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовтың бастауымен форумның ашылу салтанатына қатысты. Іс-шараның басында делегация өкілдері форумда көрсетілген заманауи әскери техникалары және жабдықтары көрмесіне барды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі http://mdai.gov.kz сайты.

Ұлттық көрме экспозициясын «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына кіретін «КАЕ» ЖШС, «С.М. Киров атындағы зауыты» АҚ, «Тыныс» АҚ және «Семей инжиниринг» АҚ ұсынды. Бұдан басқа, көрмеде ҚР ҚАӨМ «Казспецэкспорт» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны, «405 әуежөндеу зауыты» АҚ сияқты Қазақстандық кәсіпорындар, сондай-ақ басқа да бірқатар жекеменшік қорғаныс-өнеркәсібі кешені кәсіпорындары көрсетілді.

«Семей инжиниринг» АҚ жаңартылған құрышты танк және конверсиялық техника макеттерін, оның ішінде Т-72, БМП және БТР-80 танктар базасындағы жөндеу-көшіру техникасын шығарып қойды.

Көрмені бірінші күнінің соңында көріп шыққан соң «КАМАЗ» КАҚ стендінде делегация мүшелеріне осы кәсіпорында өндірілген автомобиль техникасының жаңа және пғерспективалы үлгілері көрсетілді.

Барлығы форумның жұмысына әлемнің 14 елдерінен 78 кәсіпорын, тағы 59 мемлекеттер өзінің әскери делегацияларының форумға қатысуын растады.

Следующая →