Үкімет Қазақстанды төртінші өндірістік революцияға әзірлеуде
Үкімет төртінші өндірістік революция элементтерін енгізу туралы жоспарды 2017 жылдың аяғында әзірлейді
Бұл туралы бүгін ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды "Казинформ" ХАА.
- Біз өз өндірістерін цифровизациялауда елеулі нәтижеге жеткен елдердің сарапшыларын тарттық. Олар 2011 жылы төртінші индустриялық эраның басталғандығын жариялаған институттар. Сол сарапшылармен бірлесіп жарты жыл уақыт шамасында қазақстандық өндіріске техникалық сараптама жүргізудеміз. Қыркүйек айында бұл жұмыстар аяқталып, жыл соңына дейін "Индустрия 4.0" элементтерін енгізу бойынша нақты жоспар ұсынамыз деп ойлаймыз, - деді баспасөз конференциясы барысында министр.
Министр атап өткендей, халықаралық сарапшылардың мойындағанындай әзірге "Индустрии 4.0" аясындағы барлық өзгерістер туралы толық түсінік қалыптаспады. Ал өндіріс жаңа стандарттарға толық өтуі алдағы 10-15 жылда жүзеге асады деген болжам бар.
Следующая →

Тақырыптар:
Промышленная революция в Казахстане Женис Касымбек Министерство по инвестициям и развитию РК