АҚШ президенті ЭКСПО көрмесіне делегация жібереді
Президенттік делегацияның басты мақсаты халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу
Делегация мүшелерінің тізімі Ақ үйдің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды «Қазинформ».
- Президент Дональд Трамп бүгін Астана қаласындағы «ЭКСПО «Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесіне баратын президенттік делегацияны тағайындады, - деп жазады Ақ үй баспасөз хабарландыруында.
Сондай-ақ, аталған хабарландыруда, делегацияны энергетика министрі Рик Перри басқаратыны жазылған. Делегацияға Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол, конгрессмен Кевин Крамер, ұлттық қауіпсіздік бойынша АҚШ президенті көмекшісінің орынбасары Лиза Кертис, General Electric және Overseas Private Investment Corporation өкілдері кіреді.