ЕАЭО төңірегінде 2019 жылы роумингтен бас тартылады
Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында 2018-2019 жылдары роумингтен бас тартылатыны туралы Федералды монополияға қарсы қызмет басшысының орынбасары Анатолий Голомолзин РБК телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша 2018-2019 жылдар аралығында ЕАЭО аясында бұл мәселенің шешімін табуға болады
Осыған дейін Ресей мен Белоруссия арасындағы роумингтен бас тарту туралы бастаманы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко алға тартқан еді. Белоруссия президенті Александр Лукашенко бұл ұсынысты лайықты деп қабылдады. РФ Байланыс министрі Николай Никифоров екі ел арасындағы роумингтен бас тарту туралы ұсынысты қабылдайтынын, тек бұл шешімді операторлардың қабылдауы керектігін айтқан.