Еуразиялық одақ аумағында зейнетақы жөнінде жаңа келісімшарт пайда болады
Еуразиялық экономикалық одақ елдері аумағында еңбек етіп жатқан азаматтарына зейнетақы қорларын жинақтау үшін жаңа келісімшарт жасалмақ
Келісімшарт 2018 жылдың соңына дейін жасалып бітпек. Бұл жайында Астанада өткен Еруазиялық үкіметаралық кеңес отырысында айтылды.
Бұл құжат одақтас мемлекеттер аумағында еңбек етіп жүрген азаматтардың зейнетақысын жинақтау мен төлеуді қамтамасыз етпек.
- Зейнетақы жөніндегі келісімшарттың кейбір мәселелері қысқаша қаралды. Сонымен қатар ұлттық деңгейде жүргізуші куәлігін жасап шығару мәселесі де қарастырылды, - дейді премьер-министр Бақытжан Сағынтаев.