Еуразиялық одақ төңірегіндегі ортақ әуе кеңістігі тек 2025 жылдары ғана құрылуы мүмкін
Дмитрий Медведев Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында одақ аумағында ортақ әуе кеңістігін құрып, жол картасын жасау жөніндегі пікір айтты
- Біртұтас көлік кеңістігін құру барысында әуе көліктерін реттеуге мүмкіндік беретін «жол картасы» қолданысқа енетін болады. Бұл әуе қызметі бағаларын реттеуге көмектеседі, - дейді Д.Медведев.
Бұған дейін Еуразиялық Экономикалық Одақтың энергетика және инфрақұрылым министрі одақ аумағындағы әуехабарламаларды реттеуге жағдай туғызатын «жол картасының» 2018 жылы 1 қаңтарда іске қосылатындығын айтқан болатын. Бұл «карта» одақ төңірегіндегі әуежайлардың қызметін мен төлемдерін де біріздендірмек.
Одан бөлек, белгіленген тауар тасымалы қызметінің жиілігіндегі мәселелер де шешімін таппақ. Алайда РФ көлік министрі Валерий Окулов әуе кеңістігіндегі шектеулердің бірден жойылмайтындығын айтып оыр.
- Мәселен, бізде Армения мен Белоруссия арасында әуе қатынасы біршама қалыпқа түскен. Әзірше, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әуе қатынастары бірқалыпқа келмеген. Мұндай мәселелердің барлығы тек 2025 жылы ғана тлықтай шешілуі мүмкін, - дейді В.Окулов.