Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

ХҚКО-ға баруға уақытыңыз болмаса, енді «дербес менеджерге» жүгінуге болады

Елімізде дербес менеджер көрсететін қызметтерді пайдалану мүмкіндігі туды

Азаматтарға арналған үкіметте тағы да кезекті пилоттық жоба – «Сіздің дербес менеджеріңіз» іске қосылуда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Алайда, ХҚКО-дан басқа да мекемелерге баруға тура келетін «күрделі» қызметтер бар. Мысалы, автосалоннан несиеге немесе бөліп төлеуге көлік сатып алған кезде, біздің дербес менеджеріміз өздігінен жылжымалы мүлік кепілін тіркейді, көлікті есепке қояды және қажет болса, барлық дайын құжаттарды үйге жеткізіп береді», - деп түсіндірді Оспанов.

Дербес менеджер қызметін пайдаланған адам түрлі анықтамаларды жинап әуре болмайды, ол жұмысты мемлекеттік корпорацияның қызметкері атқарады. Дербес менеджер мемлекеттік қызметті жеке көрсетеді, қажетті анықтамаларды жинайды, қажет болған жағдайда, банкке де барады, құжаттың телнұсқасын жарамсыз деп тану туралы газетке хабарландыру береді және т.б.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, қазіргі уақытта көптеген қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі барынша азайтылған.

Жаңа сервис мемлекеттік корпорацияның облыстық маңызы бар қалалардағы 37 фронт-офистерінде, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында іске қосылды, ол ХҚКО-ға баруға және құжаттар жинауға уақыты жоқ жандарға арналып отыр. Жоба банктен несие алушылар, көлік сатып алушылар мен бизнес өкілдері арасында сұранысқа ие болады деп болжануда.

А.Оспановтың айтуынша, дербес менеджер қарапайым анықтамалар бойынша кеңестер алу үшін ғана емес, басқа да өте сұранысқа ие «күрделі» мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде жылжымайтын мүлік объектісін және кепіл шартын тіркеу, жер учаскесіне жекеменшік құқығына актілерді ресімдеу және алу, жеке және заңды тұлғалар үшін нотариалды куәландырусыз жылжымайтын мүлікке сату-сатып алу/алмастыру/сыйға тарту шарттарын жасай отырып, тіркеу қызметтері үшін қолжетімді болып табылады. Келешекте бұл тізім ұлғаятын болады. Азаматтың атына құжаттарды жинауды корпорация қызметкері нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде жүзеге асыратын болады.

Кеңестер беруді дербес менеджер телефон, «Telegram» және «Whatsapp» вэб-мессенджері арқылы дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүргізеді, ал дайын құжаттар қызмет алушының электрондық поштасына жіберіледі немесе өз қолына жеткізіледі. Дербес менеджер қажет болған жағдайда, тапсырыс берушінің үйіне барады.

Дербес менеджердің қызметі жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі. Мұндай қызметтің құны мемлекеттік көрсетілетін қызметтің күрделілігіне және елді мекеннің орналасқан жеріне байланысты болады.

Следующая →
Тақырыптар: ЦОНы Казахстана