Қазазақстандық Телебайланыс желісі басқармасы бойынша қызмет ҰҚҚ басқармасына өтті
Осыған дейін Ақпарат және байланыс министрлігінің құзырында болып келген мемлекеттік техникалық қызмет Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметін өтті
Үкіметтің бұл қаулысы «Әділет» нормативті құқықтыұ актілер жүйесінің ақпараттық-құқықтық сайтында жарияланды.
Шаруашылық жүргізу құқығы бойынша Қазақстан Республикасы ақпарат және байланыс министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызметі» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шаруашылық жүргізу құқығы бойынша «Мемлекеттік техникалық қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып атауы өзгертілсін, - дейді құжатта.
Қаулы мәтіні бойынша, ҰҚҚ аталған сала бойынша басқаруға уәкілетті орган ретінде көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесе отырып бекітілген заңнамалық тәртіпте телебайланыс желілерін, Ғаламторға бірыңғай қолжетімділікті, компьютерлік оқиғаларға әрекет ету қызметі мен Ақпараттық жүйе мониторингі орталығын жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне өткізу шаралары қамтамасыз етілсін, - дейді қаулы мәтінінде.
Құжат қол қойылған соң өз күшіне енеді.
Ақпарат және байланыс министрлігінің Мемлекеттік техникалық қызметі ақпараттандыру, электронды құжат және электронды сандық қол, байланыс, телерадиожарияланым салаларында әрекет етеді.