Назарбаевтың немересі Қазақстаның альпинизм федерациясының басшысы атанды
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі Нұрәлі Әлиев республикалық алпинизм және спорттық жартасқа өрмелеушілер басшысы болып тағайындалды
Қазақстан альпинизм федерациясының сайты хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Альпинизм және Спорттық Жартасқа өрмелеу Федерациясының Кезектен тыс конференциясының шешімімен жаңа президент тағайындалды – Нұрәлі Әлиев.
Мұнымен қоса жаңа құрам бекітілді.
Федерация президиумына:
Б. Имашев – Федерацияның қамқорлық кеңесінің төрағасы
К. Валиев – вице-президент, бас хатшы,
Б. Жунус – бірінші вице-президент,
С. Искакова – вице-президент,
А. Скопин – вице-президент,
С. Беляков – вице-президент,
В. Селиванов – вице-президент.