Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

16 мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды

Облыстағы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің жеке қасиеттерін бағалау бойынша кешенді аттестация қорытындысы шығарылды

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 ақпаны мен 5 сәуірі аралығында мемлекеттік қызметкерлер тестілеуден өткен болатын. Тестілеуге облыстың «Б» корпусындағы 5464 мемлекеттік қызметкер қатысты. Аттестаттау қорытындысы бойынша 16 мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылса, 52-сінің қызметі төмендеген. Ал 5119-ы өз қызметтеріне толық сай деп танылса, қалған 277 қызметкер міндетін жоғарлатуға ұсынылды. 

- Қызметтен босатылғандардың екеуі Көкпекті және Ұлан аудандарындағы ауылдық округ әкімдері, - дейді ШҚО Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының міндетін атқарушы Жанна Қабдолдақызы. - Жұмыстан босатылғандардың қатарында облыстық басқармалардың мамандары да бар. Мәселен, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бас маманы да тестілеуден өтпей, қызметтен шеттетілді.

Мемлекеттік қызметкерлер жұмыстың нәтижелілігі, халыққа адал қызмет ету, ашықтық және есеп беру қағидаттары бойынша бағаланды. Сонымен қатар, қызметкердің жауапкершілік, мақсатшылдық және бастамашылдық сынды жеке бас қасиеттері де есепке алынды. 
Следующая →