Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Астана неліктен Сирия жөніндегі келіссөздердің орталығына айналды

ҚР Президенті Н.Назарбаев неліктен Астананың Сирияаралық келіссөздерді шешу алаңына айналғандығын түсіндірді

Сириядағы дау-жанжалдарға қатысты Қазақстан бейтарап позиция танытады әрі Сирия мәселесін талқылаушы тараптарға теңдей көзқарас білдіреді, сондықтан да Астана билігі аталмыш келіссөздерді жүргізудің тұрақты алаңына айналды, деп хабарлады ҚР Президенті Н.Назарбаев. 

«Қазақстанның аталмыш дау-жанжалдар жөнінде келіссөз өткізуші тараптарға теңдей көзқарас танытатындығын ескере отырып, бұл келіссөздердің бейбіт өтуіне мүмкіндік жасадық», – деді Н.Назарбаев мемлекетаралық «МИР» телеарнасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, Елбасы Қазақстанның қақтығыс туғызушы тараптардың – Сирия оппозициясы мен Сирия билігінің және кепілдік беруші мемлекеттердің – Ресей, Иран, Түркияның өзара кездесуіне мүмкіндік бергендігін атап өтті.

«Тараптардың өтініші бойынша алдағы уақытта бірнеше келіссөздер топтамасы ұйымдастырылу жоспарланып отыр. Шын мәнінде, Астана алаңындағы келіссөздерге Женевеға қатысқан барлық тараптар да, әсіресе, оппозициялық тарап өкілдері де қатыса алады», – деп атап өтті президент.





Следующая →