Зейнетақыны қандай өзгерістер күтуде?
Келесі жылдан бастап зейнетақы төлемдері адамның еңбек өтілі мен олардың зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне байланысты есептелетін болады
Елімізде зейнетақыны есептеу жүйесі түбегейлі өзгермек.
2016 жылмен салыстырғанда келер жылы базалық зейнетақы 45%-ға өзгереді және төлемнің мөлшері де өседі. Биыл зейнетақы 20%-ға өссе, келер жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты зейнетақы тағы жоғарылайды. Сонымен қатар 2018 жылдың шілде айында зейнетақыны тағы өсіру жоспарланып отыр екен.
- Елбасының тапсырмасы бойынша 2017-2018 жылдары зейнетақыны біртіндеп көтеруді қарастырып отырмыз. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, ынтымақты зейнетақы мөлшері жылдың басында қосылған 9 пайызды ескергенде, тағы 11%-ға ұлғайтылады. Базалық зейнетақы мөлшері де, жылдың басында қосылған 7 пайызды ескергенде, тағы 13 %-ға көтеріледі. Нәтижесінде біз, 2016 жылмен салыстырғанда зейнетақы мөлшерін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 20 %-ға дейін арттыруды қамтамасыз етеміз, - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесі өзгереді. Жаңа тәсілге сай, ол зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалады.
- 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақының төлемдері адамның еңбек және жинақтау қорына қатысушы ретіндегі өтіліне байланысты төлене бастайды. Қазіргі уақытта базалық зейнетақы ең төменгі күнкөрістің 50 пайызын құрайды. Ал заң жобасында оны 50 пайыздан 54 пайызға көтеру ұсынылып отыр, - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
Келер жылы зейнетақының қанша пайызға өсетіні белгісіз. Алайда, Тамара Дүйсенованың сөзіне сенсек, бюджеттен бұл бастамаға 150 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл шамамен 2 млн адамға жетуі керек. 2020 жылға қарай зейнетақымен қамтамасыз етудің жаңа үлгісі толықтай қалыптасатынын, әрі қарай даму сипатына енеді.
Еске сала кетсек, алдағы зейнетақы төлемдерінің өсуінің арқасында, 2017 жылдың 1 шілдесінен ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 2016 жылғы 37 789 теңгеден 45 711 теңгеге дейін көтеріледі. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 55 117 теңгеден 66 676 теңгеге дейін жоғарылайды.
Зейнетақы төлемдерінің 45%-ға өсуінің болжанғанын ескерсек (2017-2018 жылдары), 2018 жылдың 1 шілдесі Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 80 991 теңгеге жетеді.
Следующая →

Тақырыптар:
Зейнетақыны қандай өзгерістер күтуде?