Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қалалық жастар мәслихаты пайда болмақ

Қоғамдық ұйымға мектеп оқушылары, студенттер мен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған жастар мүше бола алады

Жас депутаттар қаланың әлеуметтік өміріне белсене қатысып, оны көркейту жолында өз ұсыныстарын да білдіре алады.

- Бастысы жастар шын пайдалы іспен айналысуы керек, - дейді «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасова. – Мәселен, бізде әлеуметтік қызметкерлер жеткіліксіз. Жастар мұқтаж жандарға, мүгедектер мен көпбалалы отбасыларға барып, олардың қажеттіліктерін сұрастырса. Ал ондай жандар қалада бес мыңға жуық, сондықтан да әлеуметтік қорғау ресурстары жетпейді.

Ал қаладағы жастар орталығының директорының айтуынша, бұл ұйымға жастарды ешкім күштеп кіргізбейді. Ниет білдірушілердің өз еркінде.

- Осындай ұйымдардың арқасында қала жастары облыс орталығының қайнаған тірлігіне араласуға мүмкіндік алады, - дейді Ринад Ахмеджанов. – Мәлихат толық жасақталғанда жастар төраға, хатшы және жауапты тұлғаларды сайлайды. Қазіргі кезде мектеп оқушылары мен студенттерге жастар мәслихаты жұмысының ерекшеліктері түсіндірілуде.


Ерке Мұхаметкәрім

Следующая →