Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Екі елдің азаматтығы тыңшылықтың белігісі ме?

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Владимир Головотюк Қазақстан Республикасының ғана емес, Ресей Федерациясының да азаматы деген ақпарат белгілі болды

Бұл туралы алғашқылардың бірі болып qamshy.kz порталы жазады. Яғни, Владимир Михайлович Головатюк Ресей Федерациясының азаматтығын сонау 1998 жылы алған және Қазақстан азаматтығынан бас тартпаған.

- Біздің қолымызда Ресей Федерациясы Федералдық миграциялық қызметінің электронды базасынан көшірілген тәрізді құжат та бар. Онда В.М. Головатюктың 1998 жылдан бастап көрші елге жылына бірнеше рет баратыны көрсетілген. Дәл осы қағазда 1998 жылдың 12 тамызында В.М. Головатюкке Ресей азаматтығын беру туралы шешім қабылданғаны жазылған, - деп көрсетеді qamshy.kz порталы.

Осы тұрғыда "Республика-Регион-Развитие" қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтук өзінің facebook.com парақшасында ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Ниғматулинге, ҚР Бас прокуроры Жақып Асановқа, ҰҚҚ төрағасы Кәрім Мәсімовке, ШҚО әкімі Даниал Ахметовке өзінің ашық хатын жариялады.

- Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің бір формасы екі жақты азаматтыққа жол бермеу. Бұл Қазақстанның халық саны жағынан ірі мемлекеттермен көршілес болып отырған жағдайда өте дұрыс шешім болып табылады. Оның үстіне кез келген елдің үкіметі үшін өзге елде өз азаматтарының болуы тиімді. Ал егер бипатридтер, яғни, қос азаматтығы бар тұрғындар мемлекеттік құпиялар жайлы біліп, жауапты лауазымды басқарса, олар ел тұрақтылығына қауіп төндіреді, - деп ашық жазды ол.

Қос азаматтығы бар лауазымды тұлғалардың ел бейбітшілігіне қауіп төндіретінін қарапайым тұрғынға дейін түсінеді. Ал Владимир Головотюк Шығыс Қазақстан облысының әкімінен кейінгі екінші мемлекеттік тұлға екені анық. Айта кету керек, Ғалым Байтук өз ашық хатында ШҚО-дағы қай құзыретті орган Владимир Головотюктің кандидатурасын ШҚО маслихатына өткізгеніне таңданысын білдірді.

ШҚО әкімдігі бұл ақпарат ғаламтор желісінде тарап, талқыланғаннан кейін ғана тексеру жұмыстарын бастады.

- Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы В.М. Головатюкте Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қос азаматтығы бар болуы туралы қазақстандық интернет-ресурстарда орналастырылған ақпарат бойынша 2017 жылдың 25 қаңтарында облыс әкімдігінде өңірдің құқық қорғау органдарының қатысуымен кеңес өтіп, онда аталмыш мәселе бойынша бұрынғы жұмыс туралы ақпарат тыңдалды. Кеңестің қорытындысы бойынша көрсетілген фактілерді тексеруді жалғастыру туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Тексеру жүргізу барысында Владимир Головотюк өзінің лауазымынан шектетілмей, өзінің мәслихат хатшысы ретінде жұмысын жалғастыра бермек.

Ақерке Ақылбекқызы


Следующая →