Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Назарбаев – ең төменгі күнкөріс деңгейі қазақстандықтардың шынайы тұтынушылық шығынына сай болуы керек

Ең төменгі күнкөріс деңгейіне де қарау керек. Ол қазақстандықтардың тұтынушылық деңгейіне сай болуы керек, - деді Н. Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында

Жолдау мәтіні дүйсенбі күні Елбасының ресми сайтында жарияланды.

Бұл 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 миллион адамның базалық зейнетақысын, мүгедектерге, жанұяларға, асыраушысынан айрылғандарға, мекен-жайлы көмекке және мүгедек-балаларды тәрбиелеп отырғандардың жәрдемақысын өсіруге септігін тигізеді, - деп атап өтті президент.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мекен-жайлы әлеуметтік көмек көрсетуді ең төменгі күнкөріс деңгейінен 40-тан 50 пайызға өсіріп, жаңа форматын енгізу керек, - деді Н. Назарбаев.

Мұнымен қоса «жұмыс істей алатындардың барлығы жұмыспен қамту бағдарламасына қатысу жағдайында ғана қолдау алуы керек» екенін атап өтті.

Президент 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2,1 миллион зейнеткердің зейнетақысы 2016 жыл деңгейімен 20 пайызға өседі. Сонымен қатар 2018 жылдың 1 шілдесінен базалы зейнетақы жаңа методикамен белгіленетін болады. Оның көлемі зейнетақы жүйсіне қатысу өтіліне байланысты болады,- деп атап өтті президент.

2018 жылға көзделген бұл шаралардың барлығы 2017 жылмен салыстырғанда зейнетақы базасы 1,8 есеге өсуді көздейді, - деді ел басшысы.

Ол сонымен қатар, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап бала туғандарға біруақытты жәрдемақы көлемінің 20 пайызға өсетінін еске салды.

Жыл сайын елімізде 400 мың бала дүниеге келеді, бұл 1999 жылдан екі есеге көп. Мұндай жақсы нәтижені ары қарай қолдау керек, - деді президент.

 

Следующая →