Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мейрамымен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды алда келе жатқан Пасха мерекесімен құттықтады
30 сәуір 2016 года, 07:56 1542 Устинка Live
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Нурсултан Назарбаев поздравил казахстанцев с Пасхой
Ақпарат көзі: © interfax.kz Фото: © tr-kazakhstan.kz
Құрметті отандастар! Православ христиандарын, барша Қазақстан азаматтарын жарқын Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!- делінген Ақорданың ресми сайтында сенбі күні жарияланған құттықтауда. Елбасы Православтар Пасхасының биыл Қазақстан халқының бірлігі мейрамымен тұспа-тұс келуі терең мәнге ие екенін атап өтті. - Біздің елімізде ел бірлігін нығайтуға ықпал ететін этносаралық келісім мен конфессияаралық диалогтың бірегей үлгісі қалыптасқан, - дейді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. - Мәңгілік адамгершілік құндылықтарға арқа сүйей отырып, бір-бірімізді өзара құрметтей және қолдай отырып, біз ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісімді нығайта білдік. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Христиан дінін ұстанатындардың конфессияаралық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі өте зор екенін де атап өтті. Еліміздегі барлық діни сенім өкілдері секілді христиандар да мемлекеттің қоғамды ұйыстыруға бағытталған бастамаларын әрдайым қолдайды. - Достық, өзара құрмет пен түсіністік қатынастар біздің мақтанышымызға, ортақ игілігімізге айналды, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы. - Бүгін Пасха мейрамы адамдарды жақсы іс-әрекеттерге, мейірімділікке және айналасындағыларға қамқорлық жасауға шабыттандырады, адамдарға шаттық пен татулық сыйлайды, жүректерінде үміт, сенім мен шынайылық сезімдерін сақтауға көмектеседі. Осынау мереке күндерінде барша қазақстандықтарға бейбітшілік, өркендеу мен амандық тілеймін!

Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз