Өскемен
ясно
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +17°
$
479.23
534.96
¥
68.35
5.16
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

17 мыңнан астам адам ағза мүшесінің доноры болудан бас тартты

Қазақстанда ағымдағы жылдың 6 айында ағза мүшесінің трансплантациясы бойынша 100-ден астам операция жасалды

Новости Казахстана / Медицина в Казахстане / 17 мыңнан астам адам ағза мүшесінің доноры болудан бас тартты

Қазақстанда 6 трансплантация орталығы, 40 донорлық стационар, 26 стационарлық және 16 аймақтық трансплантация үйлестірушісі бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Денсаулық министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елімізде 2012 жылдан бері Трансплантация бойынша республикалық үйлестіру орталығы жұмыс істейді. Оның ең басты міндеті – Қазақстан Республикасында ағза мүшесі донорлығының тиімді ұлттық жүйесін құру.

2021 жылы Трансплантация бойынша республикалық үйлестіру орталығы 4 өлі донор трансплантациясына үйлестіруші болды: олардан 10 донорлық ағза мүшесі алынып, органға зәру 10 пациентке трансплантталды. Ал биылғы 6 айда 2 өлі донордан алынған 7 ағза мүшесі транплантацияға берілді, - деп мәлімдеді ҚР Денсаулық министрлігінің баспасөз қызметі. 

 2021 жылы республиканың трансплантациялық орталықтарында ағза мүшесін транспланттау бойынша 171 операция жасалды: оның ішінде 4 өлі донордан 10 ағза мүшесі, тірі донорлардан 161 ағза мүшесі ауыстырылды. Ал биылғы жартыжылдықта трансплантациялық орталықта ағза мүшесі трансплантациясы бойынша 104 операция жасалды. Оның ішінде 7 ағза мүшесі өлі донордан алынса, 97 ағза мүшесі көзі тірі донордың келісімімен алынған.

Осы орайда айта кетерлік жайт, қазақстандықтар көзі тірісінде өзі қайтыс болғаннан кейін трансплантация жасау мақсатында ағза мүшесінің доноры болуға не бас тартуға ықтиярын egov.kz порталы арқылы білдіре алады. Осылайша 2020 жылдан бері порталда 18000-ға жуық өтінім тіркелген: оның ішінде 17 мыңнан астамы бас тартса, 1000-ға жуық адам келісім берген.

Следующая →