Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Tengrinews.kz

Қазақстанда медицина кадрлары тапшы

Бүгінгі таңда зейнет жасына жеткен кәсіби белсенді дәрігерлердің саны шамамен 30%-ға жеткен

Новости Казахстана / Медицина в Казахстане / В Казахстане не хватает медперсонала
Фото:
Устинка LIVE

Соңғы 5 жылда Қазақстанда медицина кадрларының тапшылығы айрықша байқалып отыр.

2017-2021 жылдары дәрігерлер тапшылығы екі есеге, 10 мыңнан 23 мыңға дейін ұлғайды. Қазіргі уақытта бұл тапшылықты жабу үшін лауазымдар біріктіріліп жатыр. Біріктірудің жалпы коэффициенті шамамен 1,5-2 ставка болып отыр. Осының барлығы медицина мамандарына үлкен жүктеме түсіреді, - деді ҚР Есеп комитеті экономиканың нақты секторына аудит жүргізу департаменті директорының орынбасары Нұрлан Қатренов кулуарда.

Жүктемеден бөлек, спикер дәрігерлерге шағымдар санының 2 есеге артқанын атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарына бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижесінде орта есеппен бір жалпы практика дәрігеріне 1200-ге жуық пациент тиесілі екені анықталды.

Мұның бәрі әрине түсінікті, басты себептерінің бірі – жоғары жүктеме болып отыр. Медициналық білімі бар мамандардың шетелге көптеп кетуі байқалады. Соңғы 5 жылда 5 мыңнан астам маман шетелге кеткен, - деді Нұрлан Катренов.

Сонымен қатар спикер медициналық білімі бар мамандардың қартаюына да баса назар аударды. Бүгінгі таңда зейнет жасына жеткен кәсіби белсенді дәрігерлердің саны шамамен 30%-ға жеткен.

Бұған дейін Есеп комитеті Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы толық жасалмаған және іске қосылмайтын бағдарламалық жасақтама үшін 726,3 млн теңге жұмсағанын айтқан еді.

Следующая →