Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да онкологиялық аурулармен күрес бойынша онкүндік басталды

Он күндік науқанның мақсаты-қатерлі ісік ауруының алдын алу және ерте анықтау мәселелерінде тұрғындар мен медицина қызметкерлерінің хабардарлығын арттыру

Новости Казахстана / Медицина в Казахстане / В ВКО стартует декадник по борьбе с онкозаболеваниями
Фото:
Устинка LIVE

ҚР-да онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар және Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні аясында 1-10 ақпан аралығында еліміздің барлық өңірлерінде онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау бойынша онкүндік өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Он күндік науқанның мақсаты-онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау мәселелерінде тұрғындар мен медицина қызметкерлерінің хабардарлығын арттыру, сондай-ақ скринингтік тексеруден уақтылы өту қажеттілігі туралы халықты хабардар ету. 

Онкология және хирургия облыстық көпбейінді орталығында онкүндік онкологиялық аурулардың алдын алуға, диагностикалауға, салауатты өмір салтын насихаттауға назар аудару үшін ақпараттық акция түрінде өтеді. Міне, алдағы 10 күнге арналған іс-шаралар тізімі. 

 ШҚО-да онкология медициналық орталығында баспасөз конференциясы өтеді, онда өңірдің онкологиялық жағдайының ең өзекті мәселелері айтылады.

Орталықтың ақпараттық платформаларында онкопатология тақырыбына арналған бірқатар материалдар, оның ішінде әлеуметтік желілерде орталықтың онколог-дәрігерлерінің қатысуымен "онкологиялық аурулардың алдын алу", "қалқанша безінің қатерлі ісігі" тақырыбына тікелей эфирлер шығарылады, ШҚО бұқаралық ақпарат құралдарында және республикалық БАҚ-та онкологиялық аурулардың алдын алу тақырыбына орталық қызметкерлерінің сөз сөйлеуі ұйымдастырылады, жергілікті "ALTAI"телеарнасында да эфирлер өтеді.

Сондай-ақ, 5 ақпанда сағат 9.00-ден 13:00-ге дейін халыққа арналған Онкологиялық орталықтың консультациялық-диагностикалық емханасында онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау бойынша ашық есік күні өтеді.

Следующая →