Қазақстанда Covid-19 бойынша" қызыл " аймаққа бес өңір кіреді
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7884798 адам, екінші компонентін 6942756 адам алды
Covid-19 таратпау жөніндегі ВАК 12 қазандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары. "Сары" аймақта: Алматы, Ақтөбе , Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. "Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы,Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда және Атырау облыстары. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның екі компонентін жеті миллионға жуық қазақстандық алды. Өскеменде вакцинацияланғандардың саны 204 мың 68-ге жетті.
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1 мың 499 жағдайы тіркелді (пандемия кезінде барлығы 907 мың 140). 25 науқас қайтыс болды (барлығы 11 мың 584). Коронавирустан 1 мың 435 науқас емделіп шықты (барлығы 848 мың 891).
Сондай-ақ, елімізде бір тәулік ішінде коронавирустық пневмониямен сырқаттанушылықтың 11 жағдайы анықталды (2020 жылғы 1 тамыздан бастап барлығы 77 мың 258).
12 қазанға 53 729 адам (46665 КВ және+ және 7064 КВ И -) КВ-дан ем алып жатыр, оның ішінде: стационарларда 9550 науқас бар; амбулаториялық деңгейде- 44179 науқас. КВЭ+ және КВИ-мен ауырғандардың ішінде: ауыр халде – 684 науқас; аса ауыр дәрежедегі жағдайда- 197 науқас; ӨЖЖ аппаратында - 128 науқас.