Қазақстанның екі өңірі covid-19 бойынша "сары" аймаққа көшті
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7334870 адам, екінші компонентін 6201253 адам алды
Covid-19 таратпау жөніндегі ВАК 21 қыркүйекте Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қызыл" аймақта: Нұрсұлтан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары.
"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Атырау (кеше "қызыл аймақта" болған), Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Жамбыл және Маңғыстау облыстары (кеше "сары" аймақта болған).
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырған 2 мың 093 жағдай тіркелді (пандемия кезінде барлығы 864 мың 955). 47 науқас қайтыс болды (барлығы 10 мың 810). Коронавирустан 3 мың 509 адам емделіп шықты (барлығы 793 мың 903).
Сондай-ақ, елімізде бір тәулік ішінде коронавирустық пневмониямен сырқаттанғандардың 18 жағдайы анықталды (2020 жылғы 1 тамыздан бастап барлығы 74 мың 110). 11 адам қайтыс болды (барлығы 4 мың 751). Республикада коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның екі компонентін алты миллионнан астам қазақстандық алды. Өскеменде вакцинацияланғандар саны 170 мың 393 адамға жетті.
21 қыркүйекте КВИ-дан 68803 адам (60242 КВИ+ және 8561 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, соның ішінде:
● стационарларда - 1238 науқас,
● амбулаториялық деңгейде - 56422 науқас бар.
КВИ+ және КВИ науқастарының ішінде:
● ауыр халде - 987 науқас,
● аса ауыр халде - 261 науқас,
● ӨЖЖ аппаратында - 143 науқас бар.