Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Дәрігерлер шет елдерден білім алады

Жас онкологтар, кардиологтар, реабилитологтар мен акушерлер шет елдерден білім алады

Аймақ басшысы Даниал Ахметов облыс әкімдігінің кеңейтілген аппараттық кеңесін өткізді. Онлайн форматта өткен іс-шара барысында облыстың денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі 2020-2022 жылдарға арналған кешенді бағдарламаны іске асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков аймақта адами капиталды дамыту міндеттері аясында облыстың медицина қызметкерлерін оқытудың үш деңгейлі бағдарламасы іске асырылып жатқанын айтты.

III деңгей бойынша шетелде облыстың 60 маманын "онкология", "радиология", "кардиология", "кардиохирургия", "неврология", "пульмонология", "акушерлік", "оңалту" бағыттары бойынша оқыту жоспарланған (соның ішінде постковидты пациенттер). Мамандар Ресейдің, Польша мен Израильдің ең мықты клиникаларының базасында оқитын болады.

Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығының жеті маманы (дәрігерлер, медициналық физиктер мен инженер-химиктер) бірнеше ай поляк әріптестерінің тәжірибесін игеретін болады. Кардиологиялық, кардиохирургиялық және неврологиялық профильдегі мамандарды Израильде оқыту жоспарланып отыр Олардың қатарында Өскемендегі Онкологиялық орталықтың 8 маманы бар.

Биыл облыстың 10 реабилитологы білімдерін шетелде шыңдайды. Олардың жартысы Ресей Федерациясында «Постковидная реабилитация» тақырыбында оқиды. Екінші жартысы елімізде терең дамымаған бағыттар бойынша, яғни ересектер мен балаларды оңалту мәселелерін Израильде зерттейтін болады. Олар склероз, бас жарақатынан кейін қалыпқа келтіру, дұрыс тамақтанбау, жарақаттан кейінгі жүйке-жүйенің бұзылуы сияқты дерттер.
Сондай-ақ, ауылды жерлерде жұмыс істейтін 10 акушер-гинеколог оқытылады.
  - II деңгей бойынша РФ, Грузия және Кореяның жетекші клиникаларының профессорлары дәріс оқыған екі мастер-класс өтті. Онда «ана мен бала» бағыты бойынша 51 маман білімін жетілдірді. Алдағы уақытта «Радиология» бағыты бойынша Ресейдің білікті мамандары келіп дәріс оқып, тәжірибелерімен бөліседі.
I деңгей бойынша еліміздің жетекші клиникалары мен университеттерінде өзекті бағыттар бойынша өңірдің 203 медицина қызметкері білім алады, - деп хабарлайды ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. 
Бұл ақпараттарды тыңдаған облыс әкімі Даниал Ахметов «ана мен бала», «онкология және радиология», «кардиология» бағыттары бойынша медицина мамандарының біліктілігін көтеру – 2020-2022 жылдарға арналған облыс денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі кешенді бағдарламаның негізгі басымдықтарының бірі екенін айтты. 






Следующая →