ШҚО онкологтары бір күнде 72 әйелге кеңес берді
5 маусым күні онкология және хирургия көпсалалы орталығында әйел жыныс органдарындағы ісіктерді ерте анықтауға арналған Ашық есік күні өтті
Ашық есік күнін өткізудің мақсаты - онкологиялық ауруларды ерте бастан диагностикалауға халықтың назарын аудару, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мамандар қатерлі ісік үкім емес екеніне сенімді, онкологиялық аурулар ерте сатысында анықталған жағдайда сәтті емделеді. Өткен сенбіде өңір әйелдеріне алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлерінің жолдамасы алмай-ақ, орталықтың онкогинекологтарында тегін тексеруден өту мүмкіндігі берілді.
Ашық есік күнін өткізу кезінде эпидемияға қарсы қауіпсіздіктің барлық шаралары сақталды.
Следующая →

- Біз үшін қатерлі ісік ауруын ғана емес, ағзадағы басқа да өзгерістерді анықтау маңызды, - деп хабарлайды ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының баспасөз қызметі. - Ашық есік күні барлығы 72 әйелге кеңес берілді және тексерілді, оның ішінде екеуінде қатерлі ісік, тағы екі адамда қатерлі ісікке күдік анықталды, 49 адамда онкологиямен байланысты емес басқа да аурулары шықты. Көрсеткіштер бойынша жеті адам тегін МРТ тексерісінен өтті.
Ашық есік күнін өткізу кезінде эпидемияға қарсы қауіпсіздіктің барлық шаралары сақталды.
Тақырыптар:
Онкологические заболевания День открытых дверей Многопрофильный Центр онкологии и хирургии ВКО