Қазақстан коронавирусқа қарсы өз вакцинасын жасады, сынауға кірісті
ДДҰ тіркелген препаратты биоқауіпсіздік мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу институтында жасалды
Қазақстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы өзінің вакцинасын жасап шықты. Қазіргі уақытта клиникалыққа дейінгі сынама басталды, деп жазады Tengrinews.kz сайты.
Препарат Қазақстандағы науқастардан анықталған вирус штамы негізінде жасалған.
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бұны Қазақстанның ғылымына қосқан маңызды үлес деп, елдің ғылыми әлеуеті жоғары екенінің айғағы деп атап өтті.