Өскемен
малооблачно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Коронавирус инфекциясын жұқтыру өсімі 7%-дан аспайды

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирусқа байланысты елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанын және індетті жұқтыру көрсеткіштерінің төмендеуіне не әсер еткенін айтты

Айжан Есмағамбетова қазіргі уақытта елімізде COVID-19 жұқтырудың 3988 жағдайы тіркелгенін хабарлады. Мыңнан аса адам жазылып шыққан.

Маманның айтуынша, жалпы алғанда, Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай соңғы екі аптада тұрақталған және коронавирус инфекциясын жұқтыру өсімі 7%-дан аспайды екен.

Бас санитардың сөзінше, эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қазақстандықтардың қалыпты өмірге қайта оралуы үшін ел билігі карантин шараларын біртіндеп жеңілдететін болады.

Есмағамбетова адамдардың жүріп-тұруын шектеу шаралары ауру жұқтыру санының күрт шарықтап кетуінің алдын алуға көмектескенін де атап өтті.

Енгізілген шаралар медициналық жүйеге түсер салмақты жеңілдетіп, жалпы алғанда, коронавирусты жақын арада жеңіп шығуға өз үлесін тигізгенін де қоса кетті.

- Біз барлығын дұрыс жасадық. Біз ұсынған ережелерді қазақстандықтардың сақтағанының арқасында осындай тұрақтылыққа қол жеткізіп отырмыз, – дейді Айжан Есмағамбетова.
Следующая →