Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов коронавирустың елде таралуына қатысты өз пікірін білдірді
Елжан Біртановтың айтуынша, Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталған соң, яғни 15 сәуірге дейін вирусты ауру төмендеуі тиіс, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.
- Төтенше жағдай режимін ұзарту эпидемиялық жағдайға, коронавирустық инфекциямен ауыратындарға байланысты болады. Осы уақытқа дейін, 15 сәуірге дейін біз ауруды төмендетуді бастаймыз деп үміттенеміз, - деді денсаулық сақтау министрі.
Сонымен қатар, егер жағдай теріс болса, ТЖ режимі жалғасады.
Сондай-ақ Біртанов жұқтырғандармен байланыста болған адамдардың 95%-ы оқшауланып, мұқият бақылауда тұрғанын атап өтті.