ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаларда тексерік жүргізуге қарсылықты алдырып тастамақ
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмек көрсетілетін барлық ұйымдарда тексеріс жүргізуді заңнамалық деңгейде қарастыруға бастама көтермек
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің тауар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова мәлімдеді.
- Кодекс нормалары бойынша, қазіргі уақытта барлық денсаулық сақтау, мемлекеттік және жеке нысандар – кәсіпкерлік нысандарына жатады. Сәйкесінше, Кәсіпкерлік кодексіне сай тексеріс жүргізіледі. Жаңа Кодексте босандыру ұйымдарын тексерудің ерекше тәртібін қарастырамыз, - деді Бюрабекова.