Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа не себеп?
Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы орынбасары Нұрлыбек Асылбековтің пікірінше, басты себептердің бірі - еңбекақының төмендігі
Сондай-ақ, Асылбековтің пікірінше, сыбайлас жемқорлықтың себебі тұрғын үйдің тапшылығы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметтері бойынша, 2019 жылдың басынан бері Комитеттің аумақтық бөлімшелерінен 13 қызметкер мен Комитеттің ведомстволық ұйымдарының екі қызметкеріне қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен 9 қылмыстық іс қозғалды.
Сыбайлас жемқорлықтың негізгі көзі болып рұқсат алу құжаттарының, сондай-ақ нысандарды тексерумен байланысты бұзушылықтар болып табылады.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өткізілген іс-шараларға қарамастан, өкінішке орай, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар статистикасы азаймай тұр.