Қазақстанда бес мың адам қызылшаға шалдыққан
2019 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда қызылшаға қатысты жаппай екпе салу жұмыстары басталады
2018 жылдың қарашасынан бастап Қазақстанда қызылшаға шалдыққан 5347 жағдай тіркелген екен.
- Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың саны – 3899, - дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.
Елдің бас санитар дәрігері сәуір айынан бастап қызылшаға қарсы жаппай егу жұмыстарының басталатындығын айтты. Тоғыз ай жеткен сәбилерге, бұрын қызылшаға қарсы егілмеген әрі онымен ауырмағандарға, бес жыл бұрын қызылшаға қарсы егілгендерге, сонымен қатар, медициналық қызметкерлерге екпе жасалады.