Тырысқаққа күдік бар әуе жолаушысы Астанаға жеткізілді
Қажетті үрдістер мен талдама жүргізілгеннен кейін ауруханаға жатқызылған Дели-Астана рейсінің жолаушысында тырысқақ дерті расталған жоқ
Дели-Астана бағытындағы ұшақ жеткенде оның ішінен тырысқақ дертінің белгілері бар жолаушы анықталған, деп хабарлайды Zakon.kz сайты. Жолаушының дене қызуы көтеріліп, құсып, іші өткен.
Осыған орай, әуежай қызметі мен қаланың денсаулық сақтау бөлімі эпидемияға қарсы алгоритм бойынша әрекет етіп, инфекциялық ауруханаға жеткізілді.
Жағдайды ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті бақылауда ұстап, халық денсаулығына қауіп төнбес үшін барлық қажетті шара жасалды.
Ал науқастан алынған талдама нәтижесі теріс болып шықта. Жолаушыдан өткір ішек инфекциясы анықалған.