Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда жүрекке бірегей ота жасады

Чехия, Израиль, Италия және АҚШ серіктестері бар қазақстандық жүрек хирургтарының тобы қосалқы қан айналым аппаратын имплантациялады

Ұлттық ғылыми кардиоxирургиялық орталық мамандары әлем бойынша алғаш рет тағы бір сәтті операцияны жасады. Оның басты ерекшелігі сол, адамның жүрегіне сымсыз қанайналым құрылғысы орнатылды, деп хабарлайды Қазақпарат сайты.

Орталық басшысы Юрий Пяның айтуынша, жүректің сол жақ қарыншасының көмекші құрылғысы адамға еркін қозғалуға мүмкіндік береді. Себебі сыртқа ешқандай кабельдер шығарылмайды. Ал қанайналым құрылғысын зарядтау оңай, оның қуаты 8 сағатқа жетеді. Бірегей операция 24 жастағы Исмаил Тұрсыновқа жасалды.

- Мен оны ғарышқа ұшқан космонавтқа теңейтін едім. Себебі оған әлем бойынша алғаш рет инновациялық құрылғыны орнату операциясы жасалды. Науқас болып түскенде ол өз бөлмесінен шыға алмайтын, қатты демікпесі болды. Сол себепті үнемі дәрігерлердің бақылауында жүрді. Қазір жағдайы жақсы, далада қыдырады, спорт залда жаттығады, тіпті, бассейнге де түсе алады, - деді Ю.Пя Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Следующая →