Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыр утөлеушілердің бір бөлігі үшін төлем мөлшері төмендетілді
Міндетті медициналық сақтандыруға ақы төлеу жеке кәсіпкер тұлғалар үшін өзгертілді
Кәсіпкерлердің жекелеген санаттары үшін ММС-ға ақы төлеу мөлшерлемесінің төмендеуі міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңға сәйкес жасалған, деп хабарлайды Қазақпарат сайты.
- Бұрынғы заң бойынша, 2020 жылдан бастап жеке кәсіпкердің ай сайынғы төлемі жылына ең төменгі жалақының 2 еселенген мөлшерінің 5%-ын құрайтын. Енді төлем сомасы ең төменгі жалақының 1,4 есе мөлшерінде 5%-ын құрайтын болады. Салық есептілігін уақытша тоқтатқан жеке кәсіпкерлер бір ең төменгі жалақының 5%-ын төлейді, - деп түсіндірді әлеуметтік сақтандыру қорының Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев.
Еске сала кетейік, бұл төлем 2020 жылдан бастап ЖК үшін міндетті болады. ММС-ды қазіргі уақытта тек жұмыс берушілер ғана төлейді, ол қызметкердің табысының 1,5% құрайды.