Өскемен
Қалың бұлтты
-27°
  • Өскемен
    -27°
  • Семей
    -16°
  • Алматы
    -4°
  • Риддер
    -13°
  • Астана
    -25°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Ақтау
    +3°
  • Атырау
  • Қарағанды
    -20°
  • Көкшетау
    -18°
  • Қостанай
    -19°
  • Қызылорда
    -1°
  • Павлодар
    -21°
  • Петропавловск
    -17°
  • Тараз
    -3°
  • Түркістан
    +6°
  • Орал
    -5°
  • Шымкент
    +4°
$
496
588.01
¥
71.8
6.42
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда тегін дәрілерді алу туралы SMS-хабарлама жіберіледі

Енді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер туралы SMS-хабарламалар жіберетін болады

SMS-хабарламаларды тегін дәрі-дәрмек алатындар тізіміне енген адамдарға жібереді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді пациенттерге 2018 жылдың соңына дейін SMS-хабарлама жіберу көзделіп отыр. Хабарлама биылғы қараша-желтоқсан айларында тегін дәрі-дәрмек алғандар тізіміне енген пациенттерге жіберіледі. 
- 2018 жылдың басында Медициналық сақтандыру қоры кепілдендірілген тегін көмек пакеті шеңберінде берілетін дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарына ақы төлеу тәртібін өзгертті. Яғни, бұрын дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдар ақысы дәрігер жазған рецепт бойынша төленіп келген болса, биылдан бастап дәрі қолма-қол берілген рецептілерге ғана төленеді. Атап айтқанда, пациент дәріні алған кезде тиісті құжаттарға қол қояды. Содан кейін төлем туралы мәлімет "Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету" ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Ендігі кезеңде бақылау жүйесіне пациенттердің өздерін тарту көзделген. Бүгін біз осы жүйені нобайлы жоба ретінде іске қосып отырмыз, - деді Ботагөз Жақселекова.
Жоспар бойынша хабарлама рецептілерде көрсетілген 3 млн нөмірге түсуі тиіс. Хабарламада дәрі-дәрмектің берілген күні мен атауы көрсетіледі. Егер пациент препараттарды алмаған болса, SMS-хабарламаға жауап ретінде "0" цифрын жолдайды немесе "СК-Фармация" ЖШС-ның 1439 байланыс нөміріне қоңырау шалуға болады.
Следующая →