ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халыққа жақын болуда
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Facebook әлеуметтік желісінде "Денсаулық сақтау министрлігінің көмекшісі" қосымшасын іске қосты
Парақша пайдаланушылардың сын-пікірі мен ұсыныстарына арналған, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты.
Пайдаланушылар хаттарын ашық түрде және анонимдік түрде қалдыра алады.
- Қазіргі таңда парақшаның 4 әкімшісі бар. Олардың әрбіреуі өздерінің бағыттары бойынша жауап қайтаратын болады. Егер жолданған сауалдар аймақтық құрылымдар, денсаулық сақтау басқармасына қатысты болса, біз оларды тығыз байланыста жұмыс жасап отырған әкімдіктерге жеделдетілген режімде жолдап отыратын боламыз, - деді министрліктің баспасөз хатшысы Ернар Әкімқұлов.
Аталған қосымшаның жұмыс уақыты 9.00-ден 18.00-ге дейін. Ал сауалдарды тәулік бойы жолдауға болады. Алайда, сауалдардың жауабы олардың күрделілігіне байланысты қайтарылады.