Дәрігерлер азаматтарға аллергияны өздері емдемеуге кеңес береді
Дүниежүзілік аллергологтар ұйымының соңғы мәліметтеріне сүйенсек, кез келген адамда кез келген заттан аллергия туындауы мүмкін, оның себептері де әр түрлі болуы мүмкін
Аллергия адам ағзасындағы иммундық жүйесіне қарапайым заттардың әсері, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты.
Соңғы зерттеу нәтижедеріне сүйенсек, өндірісі дамыған елдердегі халықтың 30%-ы аллергияға душар екен.
Аллергиядан құтылудың ең тиімді жолы – аллергенмен байланысты тоқтату. Ол үшін оны анықтау үшін тексеріліп, соның нәтижесіне қарай ем қабылдау. Аллергияны асқындырып алуға болмайды. Ал оны өзідігіңізден емдеуге талпынсаңыз, ол тек уақытша ғана жақсарту.
- Медицинада өз бетіңізбен ем жүргізу мақұлданбайды. Қандай да бір дәріні қолданып, оған ақша шығындамас бұрын дәрігермен кеңескен жөн, - дейді аллерголог-иммунолог дәрігер Мария Демченко.