Астанада роботтандырылған хирургия жобасы іске қосылды
Президент ісі басқармасының Медициналық орталық ауруханасының дәрігерлері робот-хирургтың көмегімен минималды түрде араласу арқылы ота жасайтын болады
Президенттік клиника роботтандырылған технологиялардың референстік орталығын жасайды, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Бұл орталықта тек ота жасалып қоймайды, дәрігерлерді технологияны пайдалануға да үйретеді. Ал робот-хирург адамды алмастыру үшін емес, отаның тиімді әрі нәтижелі болуы үшін қажет.
Осы робот-хирург ота кезіндегі жарақатты азайтады және ұзаққа созылатын ота кезінде дәрігерлердің шаршауы және қол дірілінен туындайтын қателіктердің алдын алады.
Сонымен қатар, бұнда Қазақстанның және шетелдік мамандар үшін де шеберлік сыныптары өткізіледі.
Робот-хирург биылдан бастап қолданылуы керек.