Қазақстанда Қырғызстаннан ет әкелуге әлі тыйым салынған жоқ
Қырғызстанда 11 адам күйдіргі дертін жұқтырды деген күдікпен ауруханада жатыр. Барлығы мал сойғаннан соң өздерін нашар сезінген
Күйдіргі адамды сұлатып салатын қауіпті ауру, деп хабарлайды КТК телеарнасы тілшілері. Елімізде дүкен сөрелері мен базарлар Қырғызстаннан әкелінген ет пен шұжық өнімдері самсап тұр. Әсіресе, соңғы уақытта айыр қалпақты ағайындардан тасымалданатын ет көлемі біршама өскен. Қауіпті кесел қылаң берсе де, көрші елден ет импорттауға тосқауыл қойылған жоқ. Министрліктегілер санитарлық-эпидемиялық бақылауды күшейтуге еш негіз жоқ дейді.
-Қазір шекарада қалай жұмыс істедік, солай жұмыс істей береміз. Ет өнімдеріне тосқауыл қойылған жоқ. Біз сібір жарасын тарихын біліп, сосын шаралар қабылдаймыз. Қырғыз әріптестерімізбен бұл мәселені ақылдасып, шешеміз, - дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитет төрағасы Арман Өтеғұлова.