Қазақстанға менингитке қарсы вакцинаны өндіргеннен гөрі сатып алған тиімді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасы, елдің бас мемлекеттік санитары Жандарбек Бекшин вакцина өндірудің тиімсіз екенін айтты
Оның айтуынша, вакцина жоғары технологиялы кәсіпорындарда өндірілуі керек болса, Қазақстанда ондай жоқ.
Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы ақпараттарына сүйенсек, жыл басынан бері менингококк инфекциясын жұқтыру бойынша 59 жағдай тіркелген, оның 21-і 14 жасқа толмаған балалар.
Следующая →
- Кез келген вакцинаны көп мөлшерде өндіру тиімді, егер халық саны 50 млн адамнан асса. Бізде тек 18 млн халық бар. Вакцинаны сол себепті өндіре алмаймыз. Одан да, бізге оны сатып алу тиімді, - деп атап өтті ол.
Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы ақпараттарына сүйенсек, жыл басынан бері менингококк инфекциясын жұқтыру бойынша 59 жағдай тіркелген, оның 21-і 14 жасқа толмаған балалар.