Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ауруханаларда электронды жүйе енгізілмек

Жылдың соңына дейін облыстағы аудандық ауруханалардың барлығына электронды кезекке тұру жүйесі енгізілмек

Қазіргі уақытта қаладағы бірнеше ауруханаға аталған жүйе енгізіліп, тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасалған болатын. Ал Ана мен бала орталығына барған облыс әкімі Даниал Ахметов мекеменің электронды кезекке тұру жүйесіне көшкенін көріп, мұндай желі осы жылдың соңына дейін аудандық ауруханалардың барлығына да енгізілетіндігін мәлім етті. 
- Мен азаматтардың кез келген уақытта, алыста тұрып-ақ ауруханаға кедергісіз кезекке тұрғанын қалаймын. Бұл тұрғындардың уақытын үнемдейді, - дейді облыс басшысы.
Ал №1 қалалық ауруханаға былтыр 250-ден аса жаңа компьютер сатып алынып,  дәрігерлердің ортақ қолдануына арналған сервер, жылдамдығы 100 мбитке тең оптикалық интернет желісі, локалды жүйе тартылған электронды ақпараттық жүйе ұйымдастырылған. 

Дәрігерлердің айтуынша, жаңа сервер қағаз жұмысынан арылтып, төрт сағатқа дейінгі уақытты үнемдеуге мүмкіндік берген. Ал облыстық ауруханада ақпарат жүйесі жасалған соң, дәрігер үш жарым сағатқа дейінгі уақытын үнемдеген. Одан бөлек, бұл ауруханадағы желдету жүйесі де автоматты түрде реттеліп, бөлменің ішінен емес, дәліздегі экраннан басқарылады.

Следующая →