Өскемен тұрғынына дереу арада қан қажет
Туғандарының сөзіне қарағанда, Галина Малышева қазір ауыр жағдайда жатыр
Дәрігерлер науқастың диагнозын анықтай алмай жатыр. Ал оған бұған дейін жұлынына екі рет емдеу шарасын жасаған. Қазір науқасқа қан керек болып жатыр.
- Әжемнің ауырғанына ұзақ уақыт болды. Негізінен, ол үйде жатып ем қабылдаған болатын. Ал жағдайы нашарлаған кезде, жедел жәрдеммен ауруханаға апардық. Ал қазір дәрігерлер қан қажет болып жатқанын айтты. Кез келген қан тобы жарай береді, - дейді немересі Александра.
Қан келесі мекенжай бойынша тапсыруға болады: Көкжал Барақ көшесі, 11-үй. Сағат 8.00-ден бастап 13.00-ге дейін қабылданады. Пациент есімі Галина Малышева.